Жаңаөзен қаласына Астанадан реабилитолог және ЛФК-маманы барып,өз кеңестерімен бөлісті.

Жаңаөзен қаласындағы BI-Жұлдызай медициналық-оңалту орталығына, Астана қаласыннан Реабилитолог  Хасенова Айгуль Хайруллаевна және Сарсенбеков Амирбек Сайлаубекович сынды ЛФК-маманы келіп, жергілікті ата-аналармен кездесіп, орталықта тіркелген ерекше балаларға өз кеңестерін берді. WhatsApp Image 2017-12-13 at 16.21.49 WhatsApp Image 2017-12-13 at 16.21.52

Екі күнге созылған бұл бағдарламадан 63 балапан кеңес алып, 9 бүлдіршін сәуір айында елордаға келетін Санкт-Петербург қаласының Ортепед-травматолог Шведовченко сынды маманның консультациясысының тізіміне тіркелді.

 

WhatsApp Image 2017-12-13 at 16.22.24 WhatsApp Image 2017-12-13 at 16.22.25

 

Жаңаөзендік реабилитолог мамандар Астаналық мамандармен бірігіп, білім алмастырып,балаларға ыңғайлы жаттығу тәсілдерін ата-аналарына айтып, үйретті.Ал өз кезегінде, орталық ата-аналары ерекше алғысын айтып, кездесу кезінде айтылған барлық кеңестерді жазып алып, қайталауын уәде етті.

WhatsApp Image 2017-12-13 at 16.22.57 WhatsApp Image 2017-12-13 at 16.23.01

Маманның айтуы бойынша: «10 пайыз ем операцияға байланысты болса, ендігі 90 пайыз ем оңалтуға тікелей қатысты. Баланың аяғына нық тұруы, ары қарай жақсы нәтеже көрсету күнделікті жаттығуларға арқылы жүзе асады. Дәрігер, Реабилитог, ЛФК-мамандарынан бөлек баламен ата-анасы айналысса тіптен жақсы нәтеже болатына сенемін!»

Оставить ответ

Powered by themekiller.com